Алматыдағы екі оқушы қыздың өлімі: қалалық Білім басқармасы мәлімдеме жасады

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиғаға байланысты тиісті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен мән-жайды анықтау үшін комиссия құрылған.

Алматы Білім басқармасы екі оқушы қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиғаға байланысты тиісті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен мән-жайды анықтау үшін комиссия құрылған.

"Бұл факті бойынша Алматының Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген басқарма ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда биік үйден құлап, көз жұмған екі оқушы қыздың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені туралы жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.