2024 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның курорттық аймақтарына барушылардың саны артты, өсім – 11,2%. Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында еліміздің курорттық аймақтары 1,8 млн барушыны қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz-ке сілтеме жасап.
Барушылар саны Алматы тау кластерінде болған – 1,2 млн турист. Одан кейінгі орындарда 185 мың адам барған Маңғыстау курорттық аймағы мен 143 мың барушы болған Щучье-Бурабай курорттық аймағы. Барушылардың ең аз саны Байқоңыр туристік аймағында – 172 барушы.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, кейбір курорттық аймақтарға барушылар санының айтарлықтай өсуі байқалады. Мысалы, Катонқарағай курорттық аймағына барушылар 2,1 есе, Қарқаралы курорттық аймағына – 81,6%, Байқоңыр туристік аймағына – 52,2% өскен. Ұлан және Зеренді курорттық аймақтары бойынша керісінше, былтырғы кезеңмен салыстырғанда барушылар саны азайған.
Жалпы, Қазақстанда отандық және шетелдік туристерді қабылдайтын 19 курорттық-туристік аймақ бар.