«Іле өзенінің жағасындағы орманда Балқашқа құятын жерінде Тұран жолбарысы мекендеген. Соңғы жолбарыс 1948 жылы байқалған. Жолбарыстың популяциясын дамыту бойынша биыл қыркүйектің соңына дейін Голландиядан екі Амур жолбарысын алып келіп, жерсіндіреміз. Олар суыққа төзімді. Ал келесі жылы Ресейден тағы 4 жолбарыс әкелеміз. Бізде жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру мәселесін шешуге арналған осындай бағдарлама бар», – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.