Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыдағы оқушы қыздардың өліміне қатысты тың дерек айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бұл – суицид. Қазір өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойында қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.
Еске салсақ, 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың денесі табылды. Олардың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені белгілі болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.