«Ертеңгі күнімді ойламайтын адаммын»: Мадина Сәдуақасова қаржылық сауаттылық туралы айтты

Депозитке қаржы салғанымен, оны тез жаратып қоятынын айтады.

Әнші Мадина Сәдуақасова әншіліктен өзге кәсіппен айналыспайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Сонымен қатар өнер иесі Halyk Life подкастында ақша жинай алмайтынын мойындады. 

“Мен негізі ертеңгі күнімді ойламайтын адаммын. Әріптестерім сияқты бизнес ашу, қосымша қаржы табу деген менде жоқ екен. Осы туған күнімнен кейін ойлана бастадым. «Мен неге ақша жинамаймын» деп. Депозитке жинаймын деймін, бірақ ақша тұрмайды. Клип түсіруге, көйлек тігуге керек болады. Демалысқа барамын. Сол кезде депозиттегі ақшаны шешіп аламын. “Әншілікті тастап кеткенде қайдан ақша табамын?” деп те ойлаймын. Қазір ақшаны шешіп ала алмайтын депозит іздеп жүрмін”,  – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.