Алматыға жарты жылда бір миллионнан астам турист келген

Яғни, Алматыға келген туристер саны 10 пайызға артқан.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыға келген туристер саны 10 пайызға өскен. Яғни, қонақтардың саны 1 миллионнан асты. Бұл туралы Аikyn.kz 24kz-ке сілтемесе жасап хабарлайды.

Оның 300 мыңнан астамы шетелдік. Бұл – елдегі жалпы туристік ағынның 53,3%-і.

Сонымен қатар биылғы 8 айда Алматының туризм секторындағы салық түсімі 62,5 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40%-ке дейін өскен.