БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты  28 қыркүйекте сағат 13:30-да екінші саяжай маңындағы Самара-Шымкент тасжолында болған.

Полицияның хабарлауынша, жол апатына жедел жәрдем көлігі кінәлі болуы мүмкін.  Апаттың басқа жағдайлары анықталып жатыр.