Қазақстан спортшылары теннистен тоғыз медаль иеленді

Оған Әзербайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина, Өзбекстан секілді елдерден келген спортшылар қатысты.

Батумиде (Грузия) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Оған Әзербайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина, Өзбекстан секілді елдерден келген спортшылар қатысты. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, турнирдің соңғы күнінде қазақстандық теннисшілер қоржынға  тоғыз медаль салды. 

19 жастағы қыздар арасында:

1-орын Сарвиноз Миркадирова

2-орын Жанерке Кошкумбаева

19 жастағы ерлер арасында:

3-орын Арнур Оралханов 

15 лет жастағы қыздар арасында:

2-орын Мария Лукьянова 

3-орын Ноила Ханиязова

11 жастағы қыздар арасында:

1-орын Жания Бекмухамбетова 

3-орын Назерке Болатбек

11 жастағы ұлдар арасында:

1-орын Абай Жұмағұл

3-орын Олег Яковлев

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.