1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтар марапатталды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1,549
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі – 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық жарыс өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.