Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.
Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58.
Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.