Жетісу жерінде еңбегімен елге танылып, мемлекеттік деңгейде мойындалып, кеудесіне аса мәртебелі атақ ¬– Еңбек Ерінің "Алтын" жұлдызын қадаған, өзінің жүрек қалауымен аңдаған саланың майталманы атанғандар аз емес.
Жетісу облысында Социалистік Еңбек Ері референдумға барды
313
оқылды

Олардың арасында бала тәрбиесімен бірге дала жұмысын да абыроймен атқара  жүріп, көпшіліктен  дараланған нәзік жанды аналар да бар. Солардың бірі дала аруы, жүгерінің кіші Отаны атанған жазиралы Жаркент өңірінде еңбегімен ел-жұртының құрметіне бөленген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова.

 Жасының біразға келгеніне қарамастан, қоғамдық тірліктен тысқары қалмай, елдің бүгіні бекем, болашағы жарқын болуы жолында жүзеге асырылып жатқан шаралардың басы-қасында жүретін Батыр ана бұл жолғы референдумда да елдің алдынан көрінді. 

Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін таңмен таласып жеткен сайлаушылардың алғашқы легінде болған Еңбек Ері апамыз көппен бірге өз таңдауын білдірді.  Жерлестеріне осындай мемлекетіміздің дамуына  ықпал етуге тиісті мәселелерді халық болып шешуде әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді. 

– Дауыс беру дегеніміз  болашақ үшін таңдау жасау деген сөз. Сондықтан менің де, сіздердің де дауыстарыңыз аса маңызды. Бәрімізді еліміздің алдағы кезде де өз биігінен төмендемей, өркендей беруі толғандырады. Соған сай халық өз таңдауынан адааспайды деп ойлаймын,  деді еңбегімен елінің құрметіне бөленген ардақты ана. 

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы