Алматыда тұрғындар таңнан бастап сайлау учаскелеріне отбасымен келіп жатыр.
Референдум – қазіргі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең
384
оқылды

Жетісу ауданында немере-шөберелерімен бірге ерлі-зайыпты азаматтық борышын орындау үшін келген, олар бұл күні алтын тойларын атап өтуде.

Қанаевтар және Көбесовтар отбасы жасына қарамастан, АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру үшін алғашқылардың бірі болып келді.

«Референдум – қазіргі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Әрбір азаматтың сараланған шешіміне болашақ ұрпақтың өмірі байланысты. Бүгін мен жұбайыммен, балаларыммен бірге келдім және азаматтарды белсенділік танытуға шақырамын», – деді Нұрғали Қанаев.

Сондай-ақ, референдумда алғашқылардың бірі болып Көбесовтар отбасы да дауыс берді.

«Бүгін жұбайым екеуіміз 50 жыл отасқанымызды атап өтіп жатырмыз, осы уақыт ішінде көп нәрсені бастан өткердік. Қазіргі Қазақстанда халық ел болашағын өзі айқындайтыны қуантады, сондықтан әркім сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасауы маңызды», – деді Бейсенхан Көбесов.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев та жұбайымен бірге №388 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20:00-ге дейін ашық болады.