Шыңғырлау ауданы өзінің қайталанбас табиғатымен және жеті кереметімен мақтана алады. Әлемдегі ең кішкентай сарқырама да аталмыш ауданға қатысты Ақсуат ауылы маңында.
БҚО-дағы ауылдың бүкіл тұрғыны 1 сағат ішінде дауыс беріп тастаған
363
оқылды

Референдум күні дүниежүзіндегі ең кішкентай сарқырама маңындағы ауыл тұрғындары бірі қалмай өз таңдауын жасады. Ауылда ғана емес, барша елдің өміріне тікелей әсер ететін мәселеге қатысты азаматтық парызын орындаған Ақсуат ауылының тұрғындары референдумды үлкен тойға айналдырды. Шағын тірлігін толық атқарып тастаған ауылдағы ағайын сайлау учаскесіне ағылды. Дауыс беріп болған жастар жағы бір-бірімен қауышып, арқа-жарқа болса, үлкендер қазанға піскен дәмі тіл үйірер бауырсақтан ауыз тиіп, ел амандығына бата берді.

Осы күні Ақсуатта 34 үй, 180 тұрғын бар. Олардың 90-ны дауыс беру құқығына ие. Бірақ жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау учаскесінен табылды.

Референдум ел билігінің азаматтардың пікірімен санасатынының көрінісі. Бұл оқиға Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа кезеңінің бастамасы. Сонымен қатар табиғаттың сақталуы мен тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерінің өзекті екенін де естен шығармаған жөн. Біздің ауылдың болашағы зор. Әсіресе, турист тартуға қолайлы. Болашақта турист саны артса, қосымша энергия көзі керек болады. Сол себепті ол мәселені бүгін шешкен абзал, дейді ауыл тұрғыны.

Ақсуаттық ағайын әлемдегі ең кішкентай сарқырама мен оның айналасындағы экологиялық жағдай жақсарып, ауыл көркейе түскенін қалайды.

Айта кетейік, сарқырама ауылдың ғана емес, жалпы аудан, облыс табиғатының әсем әрі туристік тартымдылығы жоғары орын. Алайда тұрғындар ауылдың экологиялық жағдайына алаңдап, сарқыраманың болашағына қатысты шешім қабылдау қажеттілігін сезінеді. Референдумнан соң ақсуаттық ағайын сарқыраманың айналасында туристік инфрақұрылым салу, мейрамхана, қонақүй және басқа да нысандардың құрылысын басталғанын қалайды.