Бурабайлық ғасыр жасаған қария еліміздегі тарихи маңызы зор оқиға күні әрқашан белсенді болудың құпиясымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Референдумда елдің болашағы үшін таңдау жасадым – 100 жастағы қария
438
оқылды

Щучинск қаласында тұратын Иван Фриз наурыз айында 100 жасын атап өткен. Украинаның Донецк облысында дүниеге келген Иван Ивановичтің отбасы сонау 1957 жылы Астрахан ауданының орталығы Астрахан ауылына көшіп келіпті.

Еңбек жолын құрылыста бастаған Иван Фриз одан кейін ауыл шаруашылығында қызмет еткен. Ал зейнетке шығар алдында ұстаханада ұста болып еңбек еткен. Қоғам өмірінде әрқашан белсенділікпен көзге түскен қария қоғамдық шаралардан күні бүгінге дейін қол үзбеген. Қария осындай жаста белсенді болудың құпиясымен бөлісті. 

 

– Мен міне жүз жасқа келдім. Әрқашан бәрін де қолдаймын. Мен осында Қазақстанға 1957 жылы келгенде бұл менің екінші Отаным дедім. Осыдан ешқайда кетпеймін деп шештім, – дейді Иван Фриз. 

Айта кетсек, Бурабай ауданында 66 сайлау учаскесінде тұрғындар сайлауға белсене қатысып жатыр. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы