Кейінгі кездері Алматы қаласында жіті респираторлық ви­рустық инфекциялармен (ЖРВИ) сыр­қаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай байқа­лады. Күз кірген бойда тұмау қарқыны күшейетіні рас.
Абайлаңыз, тұмау!
621
оқылды

Ақ­ халаттылар дәл осы мезгілде адамдардың ауруға жиі шал­дығатынын, соның ішінде вирустық инфекциялардан бөл­ек аллергия өршитінін айтады. Мамандардың сөзінше, тұрғындарды әбігерге салатын  ауру түрлерінің асқынуына ауаның құрғақ әрі салқын болуы әсер ететін көрінеді. Әсір­есе, біз қозғап отырған жіті респираторлық вирустық ин­фекциясы маусымдық өсу кезеңінде ересектер мен ба­ла­лар арасында кеңінен тарайды.

Бүгінде Алматы шаһарындағы жіті рес­пираторлық вирустық инфекцияға байланысты эпидемиологиялық жағдай белең алғанын қалалық Санитариялық-эпи­демиологиялық бақылау департаменті мамандары да жоққа шығармайды. Депар­та­мент өкілдері берген ресми ақпаратқа сүй­енсек, 2024 жылдың өткен 36 аптасында Алматы қаласы бойынша ЖРВИ-ның 18 822­ жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шақ­қанда сырқаттанушылық көрсеткіші 844,11 құрайды. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішімен салыстыр­ғанда 23,5 пайызға жоғары (13 809 жағдай, көрсеткіш – 645,59). Оның ішінде 64,3 пай­ызы балалар санын қамтиды. 

– Өткен эпидемияға дейінгі маусымда, яғни 2023 жылдың қазан-мамыр айлары аралығында науқастардан 377 материал тұ­мауға қарсы емес инфекцияларға зерт­ха­налық зерттеуге алынды. Оның ішінде 115 сынамасында ПТР әдіспен риновирус –  57 сынамада, парагрипп – 11, РС – 22, ме­та­­­­п­­­невмовирус – 5, бокавирус – 5, аде­н­овирус – 6, маусымдық коронавирус –  9 сынамада анықталды. Қазір Алматы қа­ласы бойынша «Ұлттық сараптама орта­­лы­ғы» филиалында тұмау және ЖРВИ вирустарының айналымына зертханалық мониторинг жүргізу үшін жүйе/реагенттер сынағы жұмыс істейді, – дейді Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиоло­гиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы. 

Мамандар тұмаудың негізгі белгілерін дене қызуының күрт көтерілуі, бойдағы әл­сіздік, қалтырау, бас ауруы және денедегі бұл­шықеттердің ауырсынуымен байланыс­ты­рады. Инфекцияның жалғыз көзі – нау­қас адам. ЖРВИ, тұмауды алдын алу­дың екі әдісі бар: спецификалық және спе­ци­­фикалық емес. Спецификалық түрі­не дәрігерлер жиі дабыл қағып кеңес беретін вакцинация әдісі кіреді. Маман­дардың айтуынша, вакцинация аурудың ағымы мен белгілерін жеңілдетеді. Тұмау пневмо­ния, бронхит, жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің асқынуы, созылмалы аурулардың өршуі сынды әртүрлі ас­қынумен қатар жүр­еді. Осы ретте эпидемиологтар алғашқы белгілер пайда болған уақытта тұрғындарға өзін-өзі емдеумен айналыспауға, дәрігер­мен кеңесуге және кәсіби маманның нұсқауы бойынша аурудың бірінші күнінде вирусқа қарсы препараттармен емдеуді бастау маңызды екенін қатаң ескертеді. 

– ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанудың өршіген кезеңінде халыққа алдын алу шара­ларын сақтауды ұсынамыз. Ең алды­мен, иммундау жүйесін дәрігердің тағай­ындауымен көтеруге, С дәруменін, ок­со­л­ин жақпа майын қолдануға кеңес бе­р­е­міз. Сонымен қатар сырқатты алдын алуда жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерді жиі желдету, ЖРВИ-мен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, егер қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау аса маңызды. Тұрғындарға өзін-өзі емдемей, медицина қызметкерінің көмегіне жүгінуге, түш­кіру және жөтелу кезінде ауызды қол­мен, майлықпен, орамалмен жауып, қолды мүмкіндігінше жиі жуу қажет ек­ен­ін айтқымыз келеді. Ауру асқынып тұрған уақытта ата-ана науқас балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар меке­ме­леріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарға жібермеуге тиіс, – дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Естеріңізге салайық, тұмауға қарсы вак­ци­нация биылғы қыркүйек айынан бастап қараша айына дейін жалғасады. Қыркүйек айында қоймаға тұмауға қарсы вакцинаның 54 518 доза мөлшерінде бір­­­ін­ші партиясы келіп түскен еді. Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиология­лық бақылау департаменті өкілінің дере­гінше, қоймаға жеткізілген вакцина қоры медициналық ұйымдарға берілді.

– 2024 жылға жергілікті бюджет қара­жатына «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін ресейлік 200 000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қар­сы «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды, – дейді Алматы қаласының Сани­тар­иялық-эпидемиологиялық бақы­лау департаментінің басшысы Қ.Алпыс­байұлы. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған статистиканы назарға алсақ, мау­сымдық тұмаудан зардап шеккен науқас­тардың жыл сайынғы саны шамамен 1 миллиард адамды құрайды, оның ішінде 3-5 миллион адамда ауыр респираторлық инфекция дамиды. Аталған ұйымның болжамына сәйкес, тұмаудың басқа асқын­уларынан болатын өлім санын қам­тымағанда жыл сайын 290 мыңнан 650 мыңға дейін адам тыныс алу жүйесінің бұзылуынан қайтыс болады. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы