Төбелес кезінде 11 адам полицияға қарсылық көрсеткен.
Ақтауда 11 адам ұсталған сәттен видео жарияланды
Фото: lada.kz
2,536
оқылды

Ақтауда 11 құқықбұзушы ұсталып, олар бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Олардың жолда ұсталған сәті видеоға түсіп қалған. Желіде полиция қызметкерлерінің үш адамы жолда көлікті тоқтатып, кейін көліктен түскен ер адамдармен төбелес басталған сәт көрсетілген видео жарияланды.

Басылым тілшілерінің мәліметінше, төбелес кезінде 11 адам полицияға қарсылық көрсеткен, ал олардың бірі қашуға тырысқан, бірақ оны ұстап үлгерген. Полицияға көмектесу үшін жетіге жуық патрульдік көлік келген.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің жанында бір топ адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

"11 құқықбұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі мас күйінде көлік жүргізгені үшін де жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, полиция мәліметінше, құқықбұзушылар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін де жауапқа тартылады.

"Кінәлі барлық адам қатаң жауапкершілікке тартылады", – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.