Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.
ҰҚК екі қазақстандықты ұстады
фото: ҰҚК баспасөз қызметі
429
оқылды

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 келі наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.