Бүгін марқұм Шерзаттың отбасына тиесілі үйі өртенген еді.
Менде қорқыныш жоқ: Алдымен ұлынан, сосын үйінен айрылған Қаржаубай Нұрымов үндеу жасады
12,264
оқылды

Ұлынан айрылып, қара шаңырағы өртенген Шерзаттың әкесі шұғыл мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол барлығы заң аясында шешім табатынына сенім білдірді. 

"Құрметті қазақ елі! Мен ешқандай қантөгіс болмауын қалаймын. Кеше түннен бері құзырлы органдар осында жүр. Қылмыскерлер заң алдында жауап береді деген ойдамын. Қан төгіп, біреудің обалына қалмайық. Барлығы заң аясында шешіледі деген үміттемін. Қай кезде болса да Әділетті Қазақстан болатынына сенемін. Менде қорқыныш жоқ. Даладан келген жау жоқ. Бір-бірімізге оқ атпайық", – дейді Қаржаубай Нұрымов.