Келмегендер, нөмірімді өшіріп тастаңдар! Айқын Төлепберген қонақтарына ескерту жасады

Эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген желіде жаңа видео жариялап, үйлену тойына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты.

Өнер иесі шақырылған той қонақтарына ескерту жасады, деп жазады Aikyn.kz.

Айқын Төлепберген аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әнші келіншегі Жұлдыз Өмірғалимен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады.

Ерлі-зайыпты той алдында арықтап, жасарып кеткенін айтты.

Сонымен қатар Айқын 17 қазанға жоспарланған үйлену тойына шақырылған қонақтарына ескерту жасады. Ол көпшілікке ұмытпай келу қажеттігін жеткізді.

Ал келмей қалған жандарға нөмірін өшіріп тастауға кеңес берді.

"Қазір бір түсірілімге бара жатырмыз. Жаңа имидж, көзілдірік киіп алдым. Тәтем бар қасымда. Тәтем боянып алған, алтындарын киіп алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі күні тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер. Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады", - деді әнші.