Астанада көпқабатты үйдің алдынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды

Қыз биіктен құлап кеткен.

Астана қаласында 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, марқұм көпқабатты үйдің 24-қабатынан құлап кеткен, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, 18 қазанда сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында тіршілік белгісі жоқ қыздың жатқаны жөнінде ақпарат түскен.

- Полицейлер оқиға орнына жеткеннен кейін 22 жастағы марқұмның кім екені анықталды. Қыз биіктен құлап кеткен, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.