"Алты жыл күткен баламыз": Айдарбекова ұлына әсерлі жазба арнады

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянды туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянды туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Бүгін менің қара балам, жүрегі мейірімге толы, ақкөңіл, ақ жүрек дара балам Аянымды өмірге алып келген күнім. Тұла бойы тұңғышым Қайратымнан кейін Нұрекең екеуіміздің 6 жыл қатты күткен баламыз. Ең бастысы, амандығы, жанұясының ауызбіршілігі молынан болып, Айгерім екеуінің бір-біріне деген адалдығымен, әулетке деген құрметімен осы қалыптарында ұл-қызының қызығын көріп, ұзақ жасап, араларында тек мөлдір махаббат болып, бізді қуантып, 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулерін Алла жазсын", – деп жазды продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.