Астананың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Сонымен, концерттік бағдарламалар мына орындарда өтеді:
- Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы;
- Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы;
- Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі;
- Нұра ауданы – орталық саябақ;
- Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.
Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.