Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен

Жас туристер биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтерілген.

Алматы облысында тауға шығып, адасып кеткен 17 жастағы екі жасөспірім құтқарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, жас туристер биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтерілген. Тауда адасқан жасөспірімдер ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында  ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп адасқан азаматтарды «Панорама» шыңында құтқару лашығынан тапты», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, ата-анасына тапсырды.