Блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева вайнер Мейіржан Төребаевтың түрмедегі жағдайын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған болатын. Бұл туралы блогер келіншек Виктория Новичковаға сұхбат берді.
"Бұрын ол тергеу изоляторында болды. Ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатынбыз. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста, кешке колонияға оралады", – деді ол.
Еске сала кетейік, вайнер өткен жылы жаңа жыл алдында отбасына келіп, 10 күн демалып кеткен.