Қарағандыда тұрғын үй кешеніндегі лифт құлап, бір адам қаза тапты

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды қаласында жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі лифт құлап, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Вечерняя Караганда" мәліметінше, лифттің ішінде екі құрылысшы болған. Апат салдарынан біреуі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

– Байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің өкілдері. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.