Алматы облысында иесіз ғимараттан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Жантүршігерлік оқиға 29 қазан күні болған.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мой Алматы" порталының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 29 қазан күні болған.

Полиция нәрестенің анасын анықтады.

– Баланың болжамды анасы ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.