Хромтаудағы Дөң тау-кен байыту комбинатының карьерінде апат болып, екі жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға 30 қазан күні сағат 13:30 шамасында болған. Белгілі болғандай, жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Соның салдарынан екі адам мерт болған.
Бұл туралы "Қазхром" ТҰК" АҚ компаниясы мәлімдеді.
"Қазхром" ТҰК" АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания олардың отбасына қажетті көмек көрсетеді", – делінген компания таратқан ақпаратта.
Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.