Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы әлем чемпионатының жартылай финалында тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті жеңіп, ертең өтетін финалға шықты.
Екі палуан арасындағы айқас 12-2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл Нұрқожаның карьерасындағы әлем чемпионатының екінші финалы болмақ. Ол 2019 жылы еліміздің астанасында болған бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген. Бүгін Қайпанов бозкілемге 3 рет шықты.
Іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңді.
Еркін күрестен финалдар ертең түнде Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Қарсыласы Жапония немесе Бейтарап атлет болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.