Өнер иесі желіде марқұмға әсерлі жазба арнады, деп жазады Aikyn.kz.
Мақпал Жүнісова қаралы хабарды естіген бойда Шымкент қаласына жол тартып, Құрманай Бақтиярқызының жаназасына қатысып қайтқан.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында айтты.
"Шымкентке келіп, Құрманайжанмен қоштастық. Жаның жәннатта болсын, топырағың торқа болсын. Әлі еліңе, отбасыңа, ата-анаңа, халқыңа берерің көп еді. Арманың да зор еді, амал қанша", - деп жазды өнер иесі.