Теңге бағамына қатысты түсінік берді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірді. Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңге бағамы сұраныс пен ұсыныстың әсеріне қарай қалыптасады. Өйткені ұлттық валюта еркін айналымда болады.

«Курс бағамын ондаған, жүздеген мың адам қалыптастырады. Егер сіз 1 000 доллар сатқан болсаңыз, демек сіз ұсынысты арт­тыр­дыңыз, ал сатып алсаңыз, сұранысты арттырып отырсыз», – деп түсіндірді Мәжілістің жалпы отырысы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Тимур Сүлейменов. 

Ұлттық банктің 30 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге. Еуро –531,28 теңге. 

«Егер АҚШ сайлауы және ОПЕК + шешімінен кейін айтарлықтай гео­саяси өзгерістер болмаса және біздің ішкі экономикамызда қандай да бір құбылыс болмаса, менің ойымша, курс бағамы ағымдағы мәнде болады», – деп толықтырды ол.