«Жұғысты болсын!»: Халық әртісі Лидия Кәденова Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын берді (Видео)

Халық әртісі Меруерт Түсіпбаеваға батасын берді.

Халық әртісі, актриса Лидия Кәденова әріптесі, әнші Меруерт Түсіпбаеваға сый жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

“Су жаңа Халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын”, – деді Меруерт Түсіпбаева. 

Халық әртісі Меруерт Түсіпбаеваға батасын берді.

“Жұғысты болсын! Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Орден, медальдарың бар. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемейді. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Халқыңның сүйіспеншілігіне бөлене бер. Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын”, – деді Лидия Кәденова. 

Айта кетейік, актриса Лидия Кәденова Республика күні қарсаңында Халық әртісі атағын алды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.