Қала прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 17.06.2004 жылғы «Международная ассоциация клубов» ЖШС-ның жекеменшігіне жалпы ауданы 884,9 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілгені анықталды.
2015 жылы жоғарыда аталған учаскесі бөлінетін болып танылды, жердің жалпы алаңы 820 гектарға дейін азайтылды.
Учаскенің аумағынан «Керенқұлақ» өзені мен «Беркара» бұлағы ағып өтеді.
Бұл жерлер Жер кодексінің 132, 133-баптарына сәйкес (Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы шығарылған кезде қолданыста болған) су қорының жері болып танылады және тек мемлекет меншігінде болады.
Мұндай жер учаскелерi су қоры жерiнiң құрамынан су ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша уақытша жер пайдалануға ғана берiлуi мүмкiн.
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 22-бабына сәйкес прокуратура органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін талап-арызбен (арызбен) сотқа жүгінуге құқылы.
07.10.2024 ж. прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жерге құқық беретін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берді.
Соттың қарау нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданатын болады.
Сонымен қатар 2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Қарасай ауданы аумағынан (кейін Алматы шегіне енген) тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен (2004 ж. маусым) берілген.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген.
Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқара өзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің (2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып саналады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалануға ғана берілуі мүмкін.
Осыған сәйкес, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органымен аталған жер учаскесін беру кезінде су айдындары алып жатқан жерлерді беруге тыйым салу бөлігінде жер заңнамасының нормалары ескерілмеген деп пайымдаймыз.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының прокуратурасымен «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС мен «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-на мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап-арыз өндіріске қабылданды (2024 жылғы 10 қазандағы ұйғарым).
Мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жер заңнамасы міндеттерінің бірі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің барлық нормаларын сақтау қажет деп санаймыз.