Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.