Еркін күрестен Тиранада өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақтар бойынша әлем чемпионатында 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жерлесіміз финалдық белдесуде Йошиносукэ Аоягиден (Жапония) айласын асырып кетті.
Финалға дейінгі белдесулері:
1/16 финал Митчелл Луис Файнсильвер 9:0
1/8 финал Николай Грахмез 14:2
1/4 финал Акаки Кемертелидзе 12:2
Жартылай финал Әбділмажид Кудиев 13:2
Финал Йошиносукэ Аояги
Айта кетейік, 26 жастағы жерлесіміз 2019 жылы елімізде өткен әлем чемпионатында топ жаруға сәл ғана жетпей, күміс жүлде еншілеген еді. Осылайша, жерлестеріміз үшін әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 3 бірдей балуанымыз финалға шыға алды. Дәл осындай көрсеткіш 2019 жылы Астана төрінде тіркелген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.