Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, сегіз адам Нұр-Сұлтанға ертеңгі соңғы рейспен ұшуға дайын. Қалғандары көлікпен қайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандық дипломаттар өз азаматтарын елге көлікпен өткізу үшін ресейлік тарапқа қажетті мәліметтерді жіберген. Ал әзірше Қазақстан азаматтарына әуежайда кешкі ас, таңғы ас пен су беріледі.