Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 163-ке артып, 658 адамға жетті, - деп жазады ТАСС агенттігі. Ауру жұқтырғандар елдің 55 өңірінен табылды. Қазіргі уақытта 29 адам сауығып шықты, деп мәлім етті сәрсенбі Ресейдің премьер-министрі Татьяна Голикова. «Ресейде қазіргі уақытта елдің 55 өңірінде 658 адам коронавирусқа шалдықты. 29 адам жазылып шықты. 112 мың адам оқшауланып, бақылауға алынды», - деді ол. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі екі зертхана 25 наурыздан бастап коронавирусқа тестілеуді бастайды.