«Украина халқы мұны ешқашан ұмытпайды» – Зеленский Қазақстанға алғыс айтты

«Украина халқы мұны ешқашан ұмытпайды» – Зеленский Қазақстанға алғыс айтты

Владимир Зеленский Қазақстанмен бірлесіп медициналық заттарды Қытайдан Украинаға жедел жеткізу, украиналықтарды Отанына қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар үшін Қазақстанға алғыс айтты. Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның елшісі Дархан Кәлетаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды.

«Қазақстанның жаңадан тағайындалған Елшісімен кездесу кезінде Украина президенті Дархан Аманұлы Кәлетаевты елдегі дипломатиялық жұмысының басталуымен құттықтады. Владимир Зеленский коронавирус пандемиясымен күрес Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды жандандыру процесіне кедергі келтірмеуі тиіс екенін атап өтті. Қазақстан – Орталық Азиядағы маңызды және уақыт сынынан өткен серіктесіміз» делінген ресми хабарламада.
Қиын кезеңде қол ұшын созған Қазақ еліне ризашылығын білдірген Зеленский:   «Украина мен украин халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Дос осындай қиын сәтте сыналады», – деді.