Жамбыл облысының дәрігерлері мен полицейлері COVID-2019-ға тест тапсырады. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Отырыста аймақтағы эпидемиологиялық жағдай, карантиндік режимді сақтау және карантиннен кейінгі кезеңде бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын бизнес нысандарының жұмысын қайта бастауға байланысты мәселелер талқыланды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтің хабарлауынша, облыста жалпы 88 коронавирус індетін жұқтыру оқиғасы тіркелген. Жиында БАҚ белсенділік танытпай отырғандығы айтылды. Өңірдегі бұл бағыттағы медицина қызметкерлеріне еңбекақыдан бөлек қосымша төлемдер төленуде. Атап айтқанда, наурыз айында 270 дәрігер, оның ішінде 40 дәрігер мен 129 орта медициналық қызметкерге 40,1 млн теңгеге үстемеақы төленген. Наурыз айының қорытындысы бойынша 8 медициналық ұйым қаржы үнемдеу есебінен 1319 қызметкерге жалпы сомасы 88,9 млн теңгеге сыйақы берген. Медициналық қызметкерлердің тұрғын үй-тұрмыстық мәселелері де оң шешімін табуда. Осы тұрғыда 232 медициналық қызметкер қонақ үйге орналастырылып, оларды жұмыс орнына тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылған. Облыста COVID-2019 бойынша медицина, полиция және КВИ-ге қарсы іс-шараларға қатысатын әскери қызметкерлер тестілеуден өтіп, олар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәрігерлерді коронавирустан қорғай алмадық" деп айтқан болатын.