Тараздықтар экологияға алаңдайды

Тараздықтар экологияға алаңдайды

Президенттіктен үміткер коммунист Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілі Тараз қаласындағы «Дана-дель» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын – тігін өнеркәсібі саласындағы ірі ательелердің бірі. Мұнда осы кәсіпті үйренем деуші­лерге арналған оқу орталығы да бар.

Халық коммунисінің өкілі Жарылқасын Нұралиев еңбек адамының мүддесі, кедей­шілікпен күрес, сонымен қатар жалған құн­дылықтардан бас тарту – Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасының басым бағыты екенін айтты. Қатысушылар үміткердің сенім білдірілген өкіліне өздерін толған­дырған сұрақтарын қойды. Тұрғындар қаланың экологиялық жағдайына алаң­дайтынын жеткізді.

Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкіл­дерінің бірі талдықорғандық сай­лау­шылармен кездесті. Кандидаттың Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Сәуле Биғарова Талдықорған қаласының Д.Қонаев атындағы этнографиялық музейін аралап, Оқушылар сарайында сайлаушы­лармен кездесті. Сәуле Биғарова ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрлер Отанымыз үшін қауіпті екенін айтты. Соны­мен қатар ол ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.

Облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Қазақстанның әрбір азаматы ел болашағына жауапты екенін алға тартып, сайлаудың маңызы жайлы әңгімеледі. Ол қа­зақстан­дықтарды 9 маусым күні сайлауда дауыс беруге шақырды.


Айдана БЕГІМ