Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды, – деп хабарлайды Atameken Business. Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстан бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр. Бұл туралы телеарнаға эксклюзивті сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша, Өзбекстан тарапы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі. https://youtu.be/4rPZlPFUjCI Видео: Atameken Business.