Диар Әбдіхалық «Жас қанат 2019» жеңімпазы

Диар Әбдіхалық «Жас қанат 2019» жеңімпазы

Елордада XXVIII республикалық «Жас қанат-2019» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Үш күнге созылған байқау әдеттегідей Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылды. Еліміздің 10 аймағынан келген 14 қатысушы бар өнерін ортаға салып, Нұр-Сұлтан тұрғындарын жанды дауыспен әсем күйге бөледі.

Ақтық сынға 5 үміткер шығып, «Жас қанат» байқауының «Алтын қанаты» мен бірінші премиясын және байқаудың жеңімпазы атағын шымкенттік Диар Әбдіхалық жеңіп алды.

Қазылар алқасының құрамында белгілі əншілер Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Мəдина Сəдуақасова, Қайрат Баекенов болды. Сондай-ақ «Астана Опера» театрының хормейстері Ержан Дəуітов, композитор Серік Еркімбеков, композитор-мультинструменталист Еділ Құсайынов, профессор Раиса Мұсақожаева, тележүргізуші Лəззат Шатаева және байқаудың продюсері Мұрат Ерғалиев оларға баға берді.


Фотоларды түсірген – Айтжан Мұрзанов.