Телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Көршілес мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі ұста­нымы жалғаса беретінін айтты. Ол Ресей президентін алдағы Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке де құттықтағаны үшін риза­шылық білдіріп, бауырлас елдер арасын­дағы ынтымақтастықты жан-жақты ары қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саяса­тын жалғастыратынын атап өтті.

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті сай­лауын­дағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан ара­сындағы стратегиялық әріптестіктің одан ары қарқынды дамитынына сенім білдірді. Сооронбай Жээнбеков пен Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халық­тарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қаты­настарын одан ары нығайтуға ниетті екенін нақты айтты.

Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.