Димаштың жаңа әні рекорд жаңартты

Димаштың жаңа әні рекорд жаңартты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One («Біз бірміз») әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат иеленді. COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымал болған соң, алтын сертификатты алды. Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.   https://youtu.be/uFOqN6saP60 «Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған», – деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік жеілдегі жеке парақшасында.