«Еуразия» телеарнасының 185 қызметкері коронавирусқа байланысты тексеруден өтті

«Еуразия» телеарнасының 185 қызметкері коронавирусқа байланысты тексеруден өтті

Нұр-Cұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, телеарнаның 185 қызметкеріне коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық сынама алынды. «Қазмедиа орталығындағы «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен алдын алу мақсатындағы тексеріс барысында COVID-19 вирусы анықталды. Екі жағдайда сырқат симптомсыз болған. Пациенттер стационарға жатқызылды. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін телеарнаның 185 қызметкері зертханалық тексеруден өтті. Эпидемияға қарсы барлық жиынтық іс-шаралар жүргізілді, жақын және ықтимал байланыстар анықталып, оларға үй карантиніне белгіленген.  Қазмедиа орталығы ғимаратында санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп пен департамент тарапынан бақылау күшейтілді» делінген ресми хабарламада. Қазмедиа орталығының жұмысы қатаң режимге көшті.