«Тыңдау» халық үнін тыңдай ма?

«Тыңдау» халық үнін тыңдай ма?

Иә, билік пен халық арасын­дағы байланыс үзілмеуі шарт, билік барынша бұқараға жақын болуы тиіс. Шенеуніктер алдына келген адамға шертимей, қайта мәселесін тыңдап, шешілуіне ықпал етуі қажет. Тыңдау де­мекші, жақында «Тыңдау» деп аталатын жоба іске қосылды. Мемлекеттік қызмет істері агент­­тігінің мұрындық болуы­мен іске асқан жоба әрбір аза­маттың мемлекеттік қызметті жетілдіруге және қолжетімді ци­фр­лық мемлекетті құруға үлес қосуына мүмкіндік береді-мыс. Бұл жайлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Facebook парақшасында жазған болатын.  

Халық пікірін ескеру қажет

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру десек, тұжырымдаманың іске аспай жатуының басты себебі де азаматтар мен жергілікті жер­лердегі мемлекеттік қызмет­керлер арасындағы кері байла­ныстың болмауында болса керек. Мемлекеттік аппарат қыз­метіндегі проблемалардың туындауының бір себебі де міне, осыған келіп тірелетін секілді. Мұны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы да мойындайды. Сол себептен де мемлекеттік аппарат ең алдымен халықтың пікірін барынша ескеруі тиіс екенін айтты. «Агенттік тек мемлекеттік қыз­меттерге шағым жинамайды. Біздің негізгі мақсатымыз – проб­леманы анықтап, тиімді кері байланыс орнату. Жинақ­талған мәселелер базасына тал­дау жасап, мемлекеттік орган­дарға қажетсіз қадамдарды жою, ха­л­ықтың мемлекеттік қыз­меттерді алу процестерін жеңіл­дету бойынша нақты ұсыныс­тар беретін боламыз. Өткен аптада біз «Тыңдау» жобасын іске қостық және пробациялау мақсатында екі қызметті таңдап алдық. Олар - төлқұжат пен жеке куәлікті алу қызметі. Қазіргі уа­қытта осы бағыт бойынша азаматтардан ұсыныс жинау жалғасуда», – деді агенттік тө­райымы. Осы жоба аясында еріктілердің ішінен алғашқы фокус-топ құрылған және ұсыныстар жинау жүріп жатыр  

«Тыңдау» – ерікті қолдану­шылардың пікірі негізінде құ­рылған жоба. Оған қатысу үшін электронды қызмет алу – басты талап. Барлығын tyndau.kz бойынша онлайн-сауалнама белгілей отырып, оның әрбір қа­дамын бағалау қажет. Жобаны толық пісіп-жетілген деп ай­туға келмес. Жетілдіретін тұс­тары да жетерлік. Осы мақ­сатта қосымша ұсыныстар да әзір­леніп жатқан көрінеді.

  Осы орайда Президент жа­нындағы Мемлекеттік басқару академиясының бас сарапшысы Бауыржан Бағлайдың пікірін сұрап білген едік. Оның ай­туынша, жоба арқылы азамат­тардың көзқарасын ескеру қа­жеттігіне басымдық беріліп отыр. «Мемлекеттік қызметтерді халыққа қолайлы, қолжетімді етудің ең ыңғайлы жолы қыз­меттерді оңтайландыру, оларды цифрлы форматқа кө­шіру жұмыстары өзекті екенін COVID-19 таралу жағдайы дәлелдеп берді. Оны әлі де да­мы­та түсу қажет. Менің ойым­ша «Тыңдау» жобасы «төмен­нен жоғары» (bottom-up approach) қағидасына негіздел­ген, яғни аза­маттардың ұсынысы негі­зін­де өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетігі арқылы жалпы про­цес­ті оңтайландыру көзделеді. Сонымен бірге, жоба дизайны электронды қызметтерін тия­нақ­ты зерделеу мақсатында ерік­тілерден құралған фокус-топ жұ­мысын қарастырып отыр, яғ­ни іске асыру тетігі ғы­лыми әдіске негізделген. Фокус топ ал­дағы уақытта негізгі мәселелерді анықтап, оның ше­шу жол­дары бойынша жүйелі ұсы­ным береді деген ойдамын. Бұл өз кезегінде аталған жоба мысалында азамат­тық қоғамның пікірі мен ұсы­ныс­тарын ескеріп, әр сала бойын­ша халықпен кері байланыс ор­нату механизмін жетілдіруге болады», – деді сарап­­шысы.  

Жоба жетілдіруді қажет етеді

«Тыңдау» – ерікті қолдану­шылардың пікірі негізінде құ­рылған жоба. Оған қатысу үшін электронды қызмет алу – басты талап. Барлығын tyndau.kz бойынша онлайн-сауалнама белгілей отырып, оның әрбір қа­дамын бағалау қажет. Жобаны толық пісіп-жетілген деп ай­туға келмес. Жетілдіретін тұс­тары да жетерлік. Осы мақ­сатта қосымша ұсыныстар да әзір­леніп жатқан көрінеді. Мәсе­лен, «электронды үкімет» порталында автоматты түрде теру және тек ЖСН-ді терген кезде азаматтың деректерін қол жеткізетін жасанды интеллект негізінде арнайы қосымшалар мен бірге жүктелетін сканер­лен­­ген құжаттар мен фотосу­рет­терді түрлендіруге арналған көмекші қосымшалар дайындау қажеттігі бар. Сондай-ақ авто­маттандырылған қызметтердің жұмысқа қабілеттілігін тес­тілеу, ЭЦҚ немесе бір рет қолда­нылатын құпия сөз көмегімен авторизациялау немесе қол қою кезінде туындайтын ақауларды анықтау жүргізілмек. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің төрайымы Анар Жайыл­ғанова электронды қыз­меттер бойынша тиісті ма­териалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары ес­керілетінін айтты. Бастысы, мүдделі органдармен бірле­сіп, көрсетілетін қызмет алушы­ларды хабардар ете отырып пы­сықталмақ. «Тыңдаудың» тиім­ділігін уақыт көрсете жатар. Жолдауда жүктеген міндет­тер­ді жұрт болып жұмыла орын­дауымыз қажет. Сонда ға­на «халық үніне құлақ асатын мем­лекет» болуға бір табан жақындай түсеріміз айқын.  

Сұңқарбек БАТАНҰЛЫ