Алматының әкімі блокбекетте қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты

Алматының әкімі блокбекетте қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында блокпостта қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында: «Блокбекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды. Бұған дейін бүгін таңғы уақытта Алматыда көлік жүргізушісі мас күйінде блокбекетте жол-көлік апатын жасады. Оқыс оқиға салдарынан екі полицей қайтыс болғанын жазған болатынбыз.