Сенім грамотасын тапсырды

Сенім грамотасын тапсырды

Мемлекет басшысы Тайланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Расса Джаличандрадан, Иордания Хашимиттік Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Юсеф Әбделғанидан, Венесуэланың Төтенше және өкілетті елшісі Энрике Антонио Акунья Мендозадан сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің Қа­зақстандағы жұмысына табыс тіледі. Рас­са Джаличандрамен жүздесуде Тай­лан­д­тағы сайлаудың табысты өтуімен жә­не елдің жаңа Премьер-министрінің сай­лануымен құттықтады.

– Қазақстан мен Тайланд барлық са­­лада, соның ішінде саяси, экономи­ка­­лық және мәдени бағыттарда достық қа­ты­нас­тарды жемісті дамытып келеді. Тай­­ланд­қа біздің елімізден турис көп ба­рады. Сіздің еліңіз – қа­зақ­стандық­тар­дың сүйікті жерлерінің бірі. Екі ел ара­сындағы өзара қарым-қа­ты­нас­тарды одан ары дамытуға септігіңізді ти­гі­зе­ті­ніңіз­ге сенімдімін, – деді Пре­зи­дент.

Сондай-ақ Юсеф Әбделғанимен кез­десуде Қазақстан мен Иордания ара­сын­дағы ықпалдастықтың жоғары деңгейде еке­нін атап өтті.

– Елдеріміз арасындағы қарым-қаты­нас­тардың жақсы дамуына Король ІІ Аб­далла зор үлес қосты. Бүгінде екіжақты ын­тымақтастық өзара достық пен сенім не­гізінде табысты дамып келеді, – деді Мем­лекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Энрике Мен­до­замен кездесуде өзара байланыс­тар­дың одан ары нығая беретініне сенім біл­діріп, дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.

– Елші мырза, жаңа қызметіңізбен құт­тықтаймын. Сіз Қазақстандағы Ве­несуэланың бірінші Төтенше және өкі­лет­ті елшісі болғандықтан, екі тарап үшін де бұл сенім грамотасын тапсыру рә­сімі­нің маңызы зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.