Сенім грамотасын тапсырды

Сенім грамотасын тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің Қа­зақстандағы жұмысына табыс тіледі. Рас­са Джаличандрамен жүздесуде Тай­лан­д­тағы сайлаудың табысты өтуімен жә­не елдің жаңа Премьер-министрінің сай­лануымен құттықтады.

– Қазақстан мен Тайланд барлық са­­лада, соның ішінде саяси, экономи­ка­­лық және мәдени бағыттарда достық қа­ты­нас­тарды жемісті дамытып келеді. Тай­­ланд­қа біздің елімізден турис көп ба­рады. Сіздің еліңіз – қа­зақ­стандық­тар­дың сүйікті жерлерінің бірі. Екі ел ара­сындағы өзара қарым-қа­ты­нас­тарды одан ары дамытуға септігіңізді ти­гі­зе­ті­ніңіз­ге сенімдімін, – деді Пре­зи­дент.

Сондай-ақ Юсеф Әбделғанимен кез­десуде Қазақстан мен Иордания ара­сын­дағы ықпалдастықтың жоғары деңгейде еке­нін атап өтті.

– Елдеріміз арасындағы қарым-қаты­нас­тардың жақсы дамуына Король ІІ Аб­далла зор үлес қосты. Бүгінде екіжақты ын­тымақтастық өзара достық пен сенім не­гізінде табысты дамып келеді, – деді Мем­лекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Энрике Мен­до­замен кездесуде өзара байланыс­тар­дың одан ары нығая беретініне сенім біл­діріп, дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.

– Елші мырза, жаңа қызметіңізбен құт­тықтаймын. Сіз Қазақстандағы Ве­несуэланың бірінші Төтенше және өкі­лет­ті елшісі болғандықтан, екі тарап үшін де бұл сенім грамотасын тапсыру рә­сімі­нің маңызы зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.