Қуанышбек Мұханғалиев Құрманғазы оркестрінің директоры болып тағайындалды

Қуанышбек Мұханғалиев Құрманғазы оркестрінің директоры болып тағайындалды

Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры тағайындалды.

Қуанышбек Мұханғалиевті ұжымға Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов таныстырды.

Қуанышбек Мұханғалиев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген.

Ол Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы және Мәдениет және өнер істері комитеті Театр өнері және кинематография басқармасының бас сарапшысы, сондай-ақ Мәдениет және өнер істері департаменті Музыкалық өнер басқармасының бас сарапшысы мен басқарма басшысының міндетін атқарған.

2017 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ол республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі.