Қарымта ойында жеңілген «Астана» Чемпиондар лигасынан ұшып кетті (видео)

Қарымта ойында жеңілген «Астана» Чемпиондар лигасынан ұшып кетті (видео)

Дегенмен «Астана» еурокубоктағы күресін әрі қарай жалғастырады

«Астана» футболшылары Румынияда ЧФР «Клужа» клубынан жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

Клуж-Напока қаласында өткен матч 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ойынның төртінші минутында Роман Муртазаев гол соғып, астаналықтарды алға шығарған. Алайда 10 минутта Билель Омрани есепті теңестіріп кетті. 16 минуттан кейін алаң иелері тағы бір гол соғып алға шықты. Бұл жолы «Астана» қорғаушысы Евгений Постников өз қақпасына гол соғып алды.

73 минутта Абзал Бейсебековқа тиіп серпілген допқа бірінші жеткен Омрани тағы бір голды еншісіне жазып, дубль жасады. Алғашқы матчта «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша румыниялық клуб турнирдің келесі сатысына өтті.

Дегенмен «Астана» еурокубоктағы күресін әрі қарай Еуропа лигасында жалғастырады. Аталған турнирдің екінші іріктеу раундында «Астана» андорралық «Санта-Коломамен» кездеседі. Алғашқы матч 25 шілдеде өтсе, жауапты кездесу 1 тамызға белгіленген. Алғашқы ойын Андоррада өтеді.

https://youtu.be/b6eJ1XRKntU